04.05.2026 01:00
«Тоттенхэм» «Астон Вилланы» тізе бүктірді
04.05.2026 01:00
Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Тоттенхэм» сырт алаңда «Астон Вилладан» басым түсті

«Вилла Паркте» өткен кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Лондон клубының сапында Конор Галлахер мен Ришарлисон мергендік танытты. Ал алаң иелерінің жалғыз голын Эмилиано Буендиа соқты.
Осылайша «қораздар» қызыл аймақтан шығып, турнир кестесінде 17-орынға көтерілді.
Роберто Де Дзерби шәкірттері келесі турда 11 мамыр күні «Лидсті» қабылдайды.