03.05.2026 22:37
«Манчестер Юнайтед» – «Ливерпуль» матчының үздік ойыншысы белгілі
03.05.2026 22:37
Кобби Майну Ағылшын Премьер-лигасының 35-турындағы «Манчестер Юнайтед» – «Ливерпуль» (3:2) матчының үздік ойыншысы атанды

Ол матчтың 72-минутында гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
Матчтан кейін оған қатысты бас бапкер Майкл Кэррик пікір білдірді.
«Кобби Майну тағы да ғаламат ойын көрсетті. Мен оның командамда болғанына қуаныштымын және ол клубта ұзаққа қалады. Майну – «Манчестер Юнайтедті» бейнелейтін футболшы»,– 44 жастағы англиялық маман.
Майну – Манчестер клубының түлегі. 21 жастағы англиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 27 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол жақында клубпен келісімшартын 2031 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.