03.05.2026 21:45
«Манчестер Юнайтед» Чемпиондар лигасына жолдама алды
03.05.2026 21:45
Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» 3:2 есебімен жеңді

Осылайша «қызыл сойқандар» Чемпиондар лигасының келер маусымына жолдама алып қойды.
Майкл Кэрриктің шәкірттері бұл матчтан соң ұпай санын 64-ке жеткізді. Енді қалған ойынның бәрінде жеңілсе де Чемпиондар лигасына жолдама берілетін алдыңғы бес орыннан төмен түспейді.
Манкуниандықтар соңғы рет қарт құрлықтың басты додасында 2023/24 жылғы маусымда ойнап, топтан шыға алмаған еді.