03.05.2026 21:07

Сэр Алекс Фергюсон ауруханаға түсті

03.05.2026 21:07

«Манчестер Юнайтедтің» аңыз бапкері Сэр Алекс Фергюсон ауруханаға түсті

TalkSPORT журналисі Бен Джейкобстың хабарлауынша, 84 жастағы шотландиялық маман «Манчестер Юнайтед» – «Ливерпуль» матчының алдында өзін жайсыз сезінген. Содан кейін қауіптің алдын алу мақсатында емханаға жеткізіліпті. Бірақ қазір жағдайы тәуір, ол үйінде демалып жатыр екен.

Алекс Фергюсон «Манчестер Юнайтедті» 1986-2013 жылдар аралығында жаттықтырған еді. Оның тұсында команда Англияның 13 дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарды және одан бөлек тағы 23 кубок ұтты. Даңқты тәлімгер бапкер ретіндегі мансабын 2013 жылы аяқтап кетті.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram