03.05.2026 13:06

Силваның «Барселонаға» ауысу ықтималдығы 80%-ды құрайды

03.05.2026 13:06

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Барселонаға» ауысуға жақын

Tuttosport хабарлауынша, қос тарап алдын-ала сөз байласып қойыпты. Тіпті трансфердің болу ықтималдығы 80%-ға бағаланып отыр. Бірақ соңғы сөзді бас бапкер Ханс-Дитер Флик айтады екен.

Сондай-ақ 31 жастағы португалиялық ойыншыға «Галатасарай» үш жылға жарамды келісімшарт ұсынған және 50 миллион еуро төлеуге дайын. Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Ювентус», «Арсенал» және «Фламенго» бар. Ал футболшының өзі тек Каталония клубына ауысуды қалайды.

Силва 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпай, 2017 жылдан бері ойнап келген клубы «Манчестер Ситиден» кетеді. Ол осы маусымда 47 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram