03.05.2026 11:55

Месси «Интер Майамидегі» 100-матчын өткізді

03.05.2026 11:55

MLS 11-турында «Интер Майами» өз алаңында «Орландо Ситиге» 3:4 есебімен есе жіберді

Бұл Лионель Месси үшін «Интер Майами» сапындағы 100-матч болды. Лео мерейтойлы матчында бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

38 жастағы аргентиналық вингер флоридалықтардың намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы 100 матчта 86 гол мен 45 ассисттің авторы атанған. Сондай-ақ командамен екі трофей жеңіп алған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram