03.05.2026 13:34
МЮ фанаттары 20-минутта Жотаны еске алады
03.05.2026 13:34
Бүгін, 3 мамыр күні Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды

Goal хабарлауынша, МЮ жанкүйерлері матчтың 20-минутында Диогу Жотаға құрмет көрсетіп, бір минут үнсіздік ұйымдастырады. Марқұм Жота «Ливерпульде» 20-нөмірлі жейдеде ойнаған.
Былтыр 3 шілдеде Диогу Жота туған інісі Андре Силвамен бірге Испанияда жол апатынан қайтыс болған еді.
19:30-да басталатын ойынды Setanta Sports 1 телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.