03.05.2026 15:44

«Реал» ойыншысы «Боруссияға» ауысуы мүмкін

03.05.2026 15:44

«Реал» шабуылшысы Гонсало Гарсия мансабын «Боруссияда» жалғауы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, Дортмундтың клубы 22 жастағы испаниялық форвардты жіті бақылап отыр және жазда қатарға қосқысы келеді. Бірақ әлі келіссөз бастамапты.

Одан бөлек «аралар» «Хоффенхайм» шабуылшысы Фисник Аслани мен «Брюгге» форварды Николо Трезольдиге қызығушылық танытуда. Ал Гарсияны «Боруссиядан» өзге «Ювентус» пен «Комо» өз қатарынан көргісі келеді.

22 жастағы испаниялық форвард осы маусымда 34 матчта алты гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram