03.05.2026 21:29

«Манчестер Юнайтед» «Ливерпульден» басым түсті

03.05.2026 21:29

Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Ливерпульді» тізе бүктірді

«Олд-Траффорд» стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды. Беньямин Шешко мен Матеус Кунья алғаш болып мергендік танытқан еді. Бірақ Доминик Собослаи мен Коди Гакпо таразы басын теңестіріп кетті. Ал жеңіс голын 77-минутта Кобби Майну соқты.

Осылайша манкуниандықтар 64-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты. Ал Мерсисайдтың ұжымы 58-ұпаймен төртінші сатыда келеді.

Майкл Кэрриктің шәкірттері келесі турда «Сандерлендке» қонаққа барса, Арне Слоттың командасы «Челсиді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram