03.05.2026 23:07

«Ювентус» «Веронаны» жеңе алмады

03.05.2026 23:07

Италия А Сериясының 35-турында «Ювентус» өз алаңында «Веронамен» тең тарқасты

«Альянц Стэдиумде» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 34-минутта Кирон Боуи есеп ашса, 62-минутта Душан Влахович таразы басын теңестірді.

Осылайша Туриннің клубы 65-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде төртінші орында қалды.

Лучано Спаллетти шәкірттері келесі турда 9 мамыр күні «Леччеге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram