04.05.2026 01:49

«Интер» чемпион атанды

04.05.2026 01:49

Италия А Сериясының 35-турында «Интер» өз алаңында «Парманы» тізе бүктірді

Джузеппе Меацца атындағы стадионда өткен кездесуде 2:0 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Маркус Тюрам мен Генрих Мхитарян гол соқты.

Осылайша Миланның клубы чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мезгілінен бұрын Италияның 21 дүркін чемпионы атанды.

Кристиан Киву шәкірттері келесі турда 9 мамыр күні «Лациоға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram