04.05.2026 08:38
Барколяға бес клуб көз тікті
04.05.2026 08:38
ПСЖ вингері Брэдли Барколя клуб ауыстыруы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Реал», «Барселона», «Атлетико», «Бавария» және Дортмундтың «Боруссиясы» қызығушылық танытуда. Ал ПСЖ жұлдызын 70-80 миллион еуроға бағалап отыр.
23 жастағы француз вингері Париждің клубына 2023 жылы «Лионнан» 45 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 44 матчта 12 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.