04.05.2026 11:37
«Ливерпуль» ойыншысы «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
04.05.2026 11:37
«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон мансабын Түркия чемпионатында жалғауы мүмкін

Ягыз Сабунджуоглудың хабарлауынша, оған «Фенербахче» қызығушылық танытып отыр. Ыстамбұлдың клубы 32 жастағы шотландиялық ойыншыны жазда қатарына қосқысы келеді.
Осыған дейін Робертсонның маусым соңында «Ливерпульден» кететіні хабарланған еді. Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайды.
Эндрю Мерсисайд клубының намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 35 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді.