05.05.2026 08:49

Шерки 2013 жылдан бері болмаған нәтижені тіркеді

05.05.2026 08:49

Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Эвертонмен» (3:3) тең тарқасты

Матчтағы алғашқы голды соққан Жереми Докуге нәтижелі пасты Райан Шерки берді.

Осылайша Шерки 2012/13 жылдан бері АПЛ дебют маусымында он ассист жасаған алғашқы ойыншы атанды. Соңғы рет мұндай нәтижені Эден Азар «Челсидегі» бірінші жылында тіркеп, ол кезде 11 нәтижелі пас берген.

«Қалалықтар» 22 жастағы француз жартылай қорғаушысын өткен жазда «Лионнан» 36,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 47 матчта 10 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram