05.05.2026 09:11
Силва АПЛ-дегі 300-матчын өткізді
05.05.2026 09:11
Ағылшын Премьер-лигасының 35-турында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Эвертонмен» (3:3) тең тарқасты

Бұл Бернарду Силва үшін Англия чемпионатындағы 300-матч болды. 31 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы турнирде 45 гол соғып, 51 нәтижелі пас берген. Осылайша ол мұндай межені бағындырған «Манчестер Сити» тарихындағы екінші ойыншы атанды. Рекорд 2010-2020 жылдары аралығында 309 ойын өткізген Давид Силваға тиесілі.
Бернарду Силва «қалалықтар» сапындағы соңғы маусымын өткізіп жатыр. Ол клубқа 2017 жылы «Монакодан» 50 миллион еуроға ауысып келген еді. Ал биылғы маусымда 48 матчта үш гол соғып, бес нәтижелі пас берді.