04.12.2025 18:22

Трент Александер-Арнольд қатардан шықты

04.12.2025 18:22

«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд жарақат алды

27 жастағы ағылшын сол аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты алдағы екі айда алаңға шыға алмайды.

Бұл оның мансабындағы 20-жарақаты болды. Осыған дейін 459 күні емделуге кетіп, 80 матчтан тыс қалған. Ал осы маусымда 11 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram