06.12.2025 22:20
«Тоттенхэм» «Брентфордтан» басым түсті
06.12.2025 22:20
Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Брентфордты» тізе бүктірді

Лондонда өткен кездесуде Ришарлисон мен Хави Симонс гол соғып, матч 2:0 есебімен аяқталды.
Осылайша 22-ұпайын қанжығалаған «Тоттенхэм» турнир кестесінде сегізінші сатыға табан тіреді.
Томас Франк шәкірттері келесі турда 14 желтоқсан күні «Ноттингем Форестке» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында Праганың «Славиясын» қабылдайды.