06.12.2025 21:59

«Манчестер Сити» сенімді жеңіске жетті

06.12.2025 21:59

Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Сандерлендті» 3:0 есебімен тізе бүктірді

«Қалалықтар» сапында Рубен Диаш, Йошко Гвардиол және Фил Фоден мергендік танытты. Сондай-ақ матч соңында «Сандерленд» қорғаушысы Люк О'ниэн алаңнан қуылып кетті.

Осылайша 31-ұпайына қол жеткізген Манчестердің клубы турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 14 желтоқсан күні «Кристал Пэласқа» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында түзде «Реалмен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram