06.12.2025 21:33

«Бавария» ірі есеппен жеңіске жетті

06.12.2025 21:33

Германия Бундеслигасының 13-турында «Бавария» сырт алаңда «Штутгартты» ойсырата жеңді

Штутгартта өткен кездесуде 0:5 есебі тіркелді. Мюнхен клубының сапында Харри Кейн хет-трик жасаса, Конрад Лаймер мен Йосип Станишич бір голдан соқты.

Осылайша 37-ұпайын олжалаған «Бавария» турнир кестесінде жеке-дара көш бастады.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда 14 желтоқсан күні «Майнцты» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Спортингпен» ойнайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram