06.12.2025 19:35
«Арсенал» жеңіліп қалды
06.12.2025 19:35
Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Арсенал» сырт алаңда «Астон Виллаға» жол берді

Бирмингемде өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Мэтти Кэш пен Эмилиано Буендиа мергендік танытты. Ал қонақтардың жалғыз голын Леандро Троссард соқты.
Осылайша 30-ұпайын олжалаған «Астон Вилла» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Еншісінде 33 ұпайы бар «Арсенал» болса көш басында қала береді.
Келесі турда Микель Артетаның шәкірттері 13 желтоқсан күні «Вулверхэмптонды» қабылдайды. Одан үш күн бұрын команда Чемпиондар лигасында «Брюггеге» қонаққа барады.