06.12.2025 15:54
«Барселона» шабуылшысы АПЛ-ге ауысуы мүмкін
06.12.2025 15:54
«Барселонада» жалға ойнап жүрген «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфорд отанына оралуы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 28 жастағы ойыншы үшін «Тоттенхэм» жазда ұсыныс жасап көрмек. Одан бөлек Маркусқа Лондонның тағы екі клубы «Челси» мен «Арсенал» қызығушылық танытып отыр екен.
Рэшфорд осы маусымда 19 ойында алты гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.