06.12.2025 14:25

«Ливерпуль» қатарына жартылай қорғаушы қосылуы мүмкін

06.12.2025 14:25

«Аталанта» жартылай қорғаушысы Эдерсон «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы Бразилия ойыншысын бақылауда ұстап отыр. «Қызылдар» оны қаңтар айында қатарға қосып алуға талпынып көрмек.

Сондай-ақ 26 жастағы хавбекке Мадридтің «Атлетикосы» да қызығушылық танытуда.

Эдерсон осы маусымда 13 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram