06.12.2025 12:48

«Ман Юнайтед» ойыншысына 11 клуб көз тікті

06.12.2025 12:48

«Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Кобби Майну жақында клуб ауыстыруы мүмкін

Mail Sport хабарлауынша, 20 жастағы ағылшынға 11 клуб қызығушылық танытып отыр. Атап айтсақ, Майнуды «Реал», «Барселона», «Атлетико», «Наполи» «Тоттенхэм», «Манчестер Сити», «Челси», «Ньюкасл», «Лидс», «Эвертон» және «Фулхэм» өз қатарынан көргісі келеді.

«Манчестер Юнайтед» келісімін берсе, Кобби аталған клубтардың біріне қыста жалға ауысып кетуі мүмкін.

Майну осы маусымда 10 матчқа қатысып, бір гол нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram