06.12.2025 07:00
Родригоға алпауыт клубтар қызығушылық танытуда
06.12.2025 07:00
«Ливерпуль», «Арсенал» және «Манчестер Сити» Родригоға ұсыныс дайындап жатыр

SPORT басылымының хабарлауынша, Еуропаның үш топ-клубы – «Ливерпуль», «Арсенал» және «Манчестер Сити» - қаңтар айындағы трансфер терезесінде Реал Мадридтің шабуылшысы Родригоға ресми ұсыныстар жасауды жоспарлап отыр.
Мәліметке сенсек, «Реал» футболшының қазіргі жағдайын ескере отырып, оны сатуға дайын болуы мүмкін. Клуб басшылығы ойыншыға қатысты ұсыныстарды қарастырып көруге әзір екені айтылуда.
Қосымша ақпаратқа сәйкес, команда Родригоны 85–90 миллион еуро көлемінде сатуға дайын. Бұл сома қазіргі трансфер нарығындағы бағаға сай келеді және бірнеше клубтың назарын аударғаны анық.