06.12.2025 06:16

Рюдигер «Реалда» қалғысы келеді

06.12.2025 06:16

Антонио Рюдигер «Реалда» қалу үшін жалақысын төмендетуге дайын

SPORT басылымының хабарлауынша, «Реал Мадрид» қорғаушысы Антонио Рюдигер Сауд Арабиясынан түскен өте тиімді ұсыныстарға қарамастан, клубта қалуды жөн көріп отыр. Тіпті неміс футболшысы жалақысын 9 миллион евродан 7 миллион еуроға дейін азайтуға да әзір екені айтылды.

32 жастағы ойыншыға Мадридтегі өмір ұнайды, әрі ол өзін командадағы маңызды ойыншылардың бірі ретінде сезінеді. Рюдигер «Реалда» ұзақ уақыт қалуды мақсат етіп, клубпен қарым-қатынасын одан әрі нығайтқысы келеді.

Клуб басшылығы ойыншының мұндай қадамын оң қабылдап, келісімді ұзарту мәселесін талқылауға дайын екені хабарлануда.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram