06.12.2025 18:58
Шлоттербек «Баварияға» ауыспайды
06.12.2025 18:58
Дортмунд «Боруссиясының» қорғаушысы Нико Шлоттербек «Баварияға» ауыспайтын болды

Бұл туралы Мюнхен клубының спорт директоры Кристоф Фройнд айтты.
– «Нико Шлоттербек – өте жақсы ойыншы. Топ-деңгейдегі қорғаушы. Бірақ біз өз футболшыларымызға ризамыз және толықтай сенім артамыз»,– деді ол.
Айта кетсек, Шлоттербек осы маусымда 14 матчқа қатысып, екі нәтижелі пас берді.