06.12.2025 21:51

Артета «Астон Вилланың» осал тұсын таба алмады

06.12.2025 21:51

«Арсенал» Артета басшылығымен АПЛ-де «Астон Вилладан» алтыншы рет жеңілді

«Арсенал» АПЛ-дың 15-турында сырт алаңда «Астон Вилладан» 1:2 есебімен жеңілді.

Алаң иелері сапында Мэтти Кэш пен Эмилиано Буендиа қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. Ал қонақтардың жалғыз голын Леандро Троссард соқты.

Лондондықтар Микель Артета басшылығымен АПЛ-де «Астон Вилладан» 6 рет жеңілген. Олар одан көп тек «Манчестер Ситиге» (7) есе жіберген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram