06.12.2025 22:10

«Челси» ұпай жоғалтты

06.12.2025 22:10

Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Челси» өз алаңында «Борнмутпен» тең тарқасты

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде есеп ашылмай, 0:0 есебі тіркелді.

Осылайша 25-ұпайын олжалаған Лондонның клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.

Энцо Мареска шәкірттері келесі турда 13 желтоқсан күні «Эвертонды» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Аталантаға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram