06.12.2025 22:04
«Барселона» Мартинеске көз тікті
06.12.2025 22:04
«Барселона» жазда Лаутаро Мартинесті қатарға қосуға ниетті

«Барселона» жазғы транферлік терезе басталмай жатып әрекетке көшті. Танымал инсайдер Руди Галеттидің хабарлауынша, клуб «Интер» командасының ойыншысы әрі басты шабуылшысы Лаутаро Мартинесті қатарға қосуға ниетті.
Бұған дейін «Барселона» «Атлетико» ойыншысы Хулиан Альваресті басты шабуылшы ретінде қарастырған. Алайда клуб оның трансферлік құнын тым жоғары деп бағалап, бұл нұсқадан бас тартуға мәжбүр болды.
Енді команда назарын толығымен Лаутаро Мартинеске аударып отыр. Алдағы уақытта клуб ойыншының өкілдерімен байланыс орнатуға тырысады.