29.03.2026 19:44
«Тоттенхэм» бас бапкерсіз қалды
29.03.2026 19:44
Игор Тудор «Тоттенхэм» бас бапкері қызметінен кетті

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
47 жастағы хорват маманы Лондон клубын 14 ақпан күні тізгіндеген еді. Оның тұсында команда бір рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең түссе, бес матчта қарсыласына есе жіберді.
31 турдан кейін 30 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді. Қауіпті аймаққа кіретін «Вест Хэмнің» еншісінде 29 ұпай барын айта кетейік.