29.03.2026 19:32
«Арсеналдың» тағы бір ойыншысы жарақат алды
29.03.2026 19:32
«Арсенал» жартылай қорғаушысы Мартин Субименди қатардан шықты

27 жастағы ойыншы Испания құрамасының Сербияға (3:0) қарсы жолдастық кездесуінде оң аяғының тізесін зақымдап алыпты. Осыған байланысты клубына оралып, медициналық тексерістен өтеді.
Бұған дейін «зеңбірекшілердің» сапында Уильям Салиба, Эберечи Эзе, Габриэль, Пьеро Инкапье, Букайо Сака, Деклан Райс және Нони Мадуеке жарақат алған еді.
Субименди Лондонның клубына өткен жазда «Реал Сосьедадтан» 70 миллион еуроға ауысып келді. Ол осы маусымда 44 матчта алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.