29.03.2026 17:35

«Арсенал» ойыншысы қатардан шықты

29.03.2026 17:35

«Арсенал» мен Эквадор құрамасының қорғаушысы Пьеро Инкапье жарақат алды

24 жастағы ойыншы Мароккоға (1:1) қарсы жолдастық кездесуде бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты клубына оралып, алдағы аптада медициналық тексерістен өтеді.

Инкапье Лондонның клубына өткен жазда «Байерден» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 33 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram