29.03.2026 15:47
Румыния бапкері Луческу есінен танып қалды
29.03.2026 15:47
Румыния құрамасының бас бапкері Мирча Луческу есінен танып қалды

80 жастағы маман бүгінгі жаттығу барысында өзін жайсыз сезініп, құлап қалыпты. Осыған байланысты ауруханаға жатқызылды. Сонғы мәліметтерге сенсек, оның жүрегі ұстап қалған. Қазір жағдайы бірқалыпты екен.
Тарихтағы ең егде бапкер Румынияны 2024 жылдың тамызынан бері жаттықтырып келеді. Одан бөлек ол Түркия құрамасын және «Интер», «Динамо» Киев, «Галатасарай», «Бешикташ», «Зенит» секілді клубтарды баптаған.