29.03.2026 14:07

Салах «Ромаға» оралуы мүмкін

29.03.2026 14:07

«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах Италия чемпионатына ауысуы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, ол маусым аяқталысымен өзінің байырғы клубы «Ромаға» оралуды қарастырып отыр. Салах Римде бір маусым ойнауы мүмкін.

Осыған дейін Мұхамед жазда «Ливерпульден» кететінін хабарлаған еді. Ол 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады.

Еске салсақ, Салах «қасқырлардың» намысын 2015-2017 жылдар аралығында қорғаған еді. Осы аралықта ол 83 матчта 34 гол соғып, 21 нәтижелі пас берді.

33 жастағы мысырлық ойыншы осы маусымда 34 матчта 10 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram