29.03.2026 13:51

Тоналиге «Манчестер Сити» мен «Манчестер Юнайтед» көз тікті

29.03.2026 13:51

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали клуб ауыстыруы мүмкін

Маттео Мореттоның хабарлауынша, оны «Манчестер Юнайтед» аттай қалап отыр. Манкуниандықтар көз тіккен ойыншылардың ішінде Тонали басты орынды алады екен. Одан бөлек Сандроны «Манчестер Сити» де мұқият бақылап жүр. Ал «Ньюкасл» ойыншысын шамамен 100 миллион еуроға бағалайды.

«Сауысқандар» Тоналиді 2023 жылы «Миланнан» 60,8 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда 47 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram