29.03.2026 13:20

Клопп «Реал» бас бапкері атанады

29.03.2026 13:20

Юрген Клопп «Реал» бас бапкері атанады

Франсуа Галлардоның хабарлауынша, Клопп Мадрид клубының тізгінін жазда қолға алады. Бұл желтоқсан айында шешіліп, келісімшартқа қол қойылып қойған екен. Енді Арбелоа қандай нәтиже көрсетсе де бәрібір Клопп оның орнын басады.

Осыған дейін 58 жастағы неміс маманы бапкерлік мансабына нүкте қоймағанын айтқан еді.

Клопптың соңғы клубы «Ливерпуль» болған еді. Ол Мерсисайдтың командасын 2015-2024 жылдар аралығында жаттықтырды. Қазір Юрген Red Bull компаниясының футбол жүйесінде қызмет атқарады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram