18.01.2026 12:32
«Тоттенхэм» бас бапкерсіз қалуы мүмкін
18.01.2026 12:32
«Тоттенхэм» бас бапкері Томас Франк қызметінен босатылуы мүмкін

Independent хабарлауынша, «Вест Хэмге» (1:2) қарсы ойындағы жеңілістен кейін бүгін Лондон клубының басшылығы мен Франктың арасында кездесу өтеді. Нәтижесінде оның клубтағы болашағы шешіледі екен.
52 жастағы дат маманы «қораздарды» өткен жазда тізгіндеген еді. Содан бері команда 11 рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түссе, 13 матчта қарсыласына жол берді.
22 турдан кейін 27 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 14-орында келеді.