18.01.2026 12:13
Миле Свилар АПЛ-ге ауысуы мүмкін
18.01.2026 12:13
«Рома» қақпашысы Миле Свилар мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Caught Offside хабарлауынша, 26 жастағы серб голкиперіне «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр. Ал «джаллоросси» оны 60 миллион еуроға бағалайды екен.
Свилар осы маусымда 27 матчта 20 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді.