18.01.2026 02:11
Мусиала 196 күннен кейін алаңға оралды
18.01.2026 02:11
«Бавария» жартылай қорғаушысы Жамал Мусиала алаңға оралды

22 жастағы ойыншы Бундеслиганың 18-турындағы «Лейпцигке» (5:1) қарсы ойынның 87-минутында Серж Гнабридің орнына шығып, 88-де Майкл Олисеге нәтижелі пас берді.
Осылайша ол араға 196 күн салып, қатарға қосылды. Жамал 5 шілде күні ПСЖ-ға қарсы ойында тобығын шығарып және кіші жілігін үзіп алып, содан бері матчтарға қатыспаған еді.
Айта кетейік, 18 турдан кейін 50 ұпай жинаған Мюнхеннің клубы турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.