18.01.2026 00:35
«Арсенал» ұпай жоғалтты
18.01.2026 00:35
Ағылшын Премьер-лигасының 22-турында «Арсенал» өз алаңында «Ноттингем Форестпен» тең тарқасты

«Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде есеп ашылмай, 0:0 есебі тіркелді.
Осылайша 50-ұпайын еншілеген Лондонның клубы турнир кестесінде көш басында қала береді.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 25 қаңтар күні «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды. Ал одан бес күн бұрын Чемпиондар лигасында «Интерге» қонаққа барады.