17.01.2026 22:04
«Ливерпуль» «Бёрнлиді» жеңе алмады
17.01.2026 22:04
Ағылшын Премьер-лигасының 22-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Бернлиді» жеңе алмады

«Энфилд» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 42-минутта Флориан Вирц есеп ашса, 65-те Маркус Эдвардс таразы басын теңестірді. Сондай-ақ 32-минутта Доминик Собослаи пенальтиден мүлт кетті.
Осылайша Мерсисайдтың клубы АПЛ аясындағы қатарынан төртінші ойында жеңіске жете алмады. Бұған дейін «Арсенал» (0:0), «Фулхэм» (2:2) және «Лидспен» (0:0) тең түскен еді. 36-ұпайына қол жеткізген Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты.
Арне Слот шәкірттері келесі турда 24 қаңтар күні «Борнмутқа» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Чемпиондар лигасында түзде «Марсельмен» кездеседі.