17.01.2026 19:57
«Реал» «Левантеден» басым түсті
17.01.2026 19:57
«Реал» Испания Ла Лигасының 20-турында «Левантені» 2:0 есебімен басым түсті

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде Килиан Мбаппе мен Рауль Асенсио гол соқты.
Осылайша 48-ұпайын олжалаған «бланкос» турнир кестесінде екінші орында қалды.
Альваро Арбелоаның шәкірттері келесі турда 24 қаңтар күні «Вильярреалға» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Монаконы» қабылдайды.