17.01.2026 18:05
Себастьян Себальос «Қайрат» ойыншысы атанды
17.01.2026 18:05
«Қайрат» қатарына Себастьян Себальосты қосқанын хабарлады

Қос тарап 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
24 жастағы аргентиналық вингер Боливияның «Реал Оруро» клубынан ауысып келді. Оған дейін өз елінің «Лос Андес», «Индепендьенте Ривадавия» және «Тальеарас» командаларында ойнаған.
Себальос өткен маусымда 40 матчта 18 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.