17.01.2026 17:40
«Рома» бір ойыншымен қош айтысты
17.01.2026 17:40
Эдуардо Бове «Ромадан» кетті

Қос тарап екіжақты келісім бойынша келісімшартты бұзуды жөн көрді.
23 жастағы жартылай қорғаушы 2024 жылы «Фиорентинада» жалда жүрген кезінде матч уақытында талып қалған еді. Соның салдарынан оның жүрегіне тері астына салынатын дефибриллятор қойылды. Ал А Сериясында дефибрилляторы бар футболшылар ойнай алмайды. Кристиан Эриксен осыған байланысты «Интерден» кеткен.
Бове «джаллоросси» намысын 2012 жылдан бері қорғады. Осы аралықта негізгі команда сапында 92 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Енді ол еркін агент ретінде «Уотфордқа» ауысады. Фабрицио Романоның хабарлауынша, келісімшарт маусым соңына дейін жарамды болады. Сондай-ақ тағы бес жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.