17.01.2026 16:27
«Реал» ойыншысы қатардан шықты
17.01.2026 16:27
«Реал» қақпашысы Андрей Лунин жарақат алды

26 жастағы голкипер Испания кубогының 1/8 финалындағы «Альбасетеге» (2:3) қарсы ойында балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты бүгін, 17 қаңтарда өтетін «Левантемен» ойыннан тыс қалды. Ол шамамен бір аптадан соң қатарға оралады.
Айта кетейік, Испания Ла Лигасының 20-туры аясында өтетін «Реал» – «Леванте» матчы 18:00-де басталады.