17.01.2026 15:10
«Барселона» ойыншысы ПСЖ-ға ауысуға жақын
17.01.2026 15:10
«Барселона» жартылай қорғаушысы Дро Фернандес ПСЖ-ға ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап ауызша сөз байласып қойды. 18 жастағы ойыншының сатып алу құны алты миллион еуроны құрайды. Ал Париждің клубы оны жақында қатарына қосуды жоспарлап отыр. Фернандестің өзі де Луис Энрике баптайтын командада ойнағысы келеді.
Одан бөлек оған көз тіккендердің қатарында «Манчестер Сити», «Челси» және «Боруссия» (Дортмунд) бар екен.
Айта кетейік, Фернандес осы маусымда «блаугрананың» негізгі командасы сапында бес матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.