16.01.2026 21:08

Тер Штеген «Жиронаға» ауысуға жақын

16.01.2026 21:08

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген «Жиронаға» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 33 жастағы неміс қақпашысы «жироналықтар» сапына қосылуға келісімін берді.

Енді «Жирона» «Барселонамен» келіссөз жүргізіп жатыр екен. Бәрі сәтті аяқталса, Тер Штеген маусым соңына дейін жалға кетеді.

Айта кетейік, Марк 29 шілде күні алған арқасындағы жарақатына байланысты ұзақ уақыт қатарда болмады. Ол осы маусымда бір ғана матч өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram