16.01.2026 20:25

«Кристал Пэлас» бас бапкерсіз қалады

16.01.2026 20:25

«Кристал Пэлас» бас бапкері Оливер Гласнер маусым соңында клубтан кететінін айтты

– «Бұл шешім бірнеше ай бұрын қабылданып қойған. Мен қазанда Стив Пэрришпен (клуб президенті) кездестім. Кешкі ас ішіп отырып, екеуміз ұзақ әңгімелестік. Сол уақытта оған клубтан кететінімді айттым.

Біз мұны құпия сақтауды жөн көрдік. Оның үстіне кесте тығыз болып, айтатын уақыт та таппадық. Үш айдан кейін ғана, яғни бүгін командаға кететінімді айттым», – деді Гласнер.

51 жастағы Аустрия маманы Лондонның ұжымын 2024 жылдың ақпан айында тізгіндеген еді. Осы аралықта команда 43 рет жеңіске жетіп, 26 мәрте тең түссе, 26 матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ оның тұсында «қырандар» Англия Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram