16.01.2026 18:17
Мусиала алаңға оралады
16.01.2026 18:17
«Бавария» жартылай қорғаушысы Жамал Мусиаланың жағдайы белгілі болды

Бас бапкер Венсан Компанидің айтуынша, егер бәрі ойдағыдай болса ол ертең, 17 қаңтарда өтетін «Лейпцигке» қарсы ойынға қатысады.
Осыған дейін Жамал 5 шілде күні өткен Клубтар арасындағы Әлем чемпионаты аясындағы ПСЖ-ға қарсы ойында тобығын шығарып, кіші жілігін сындырып алған еді. Содан бері ол алаңға шықпады.
Бундеслиганың 18-туры аясында өтетін «Лейпциг» – «Бавария» кездесуі ертең, 17 қаңтар сағат 22:30-ға жоспарланған.