16.01.2026 17:58
АПЛ-дың үздік бапкері анықталды
16.01.2026 17:58
Унаи Эмери Ағылшын Премьер-лигасының желтоқсандағы үздік бапкері атанды

Оның командасы «Астон Вилла» өткен айда «Вест Хэмді» (3:2), «Брайтонды» (4:3), «Арсеналды» (2:1), «Манчестер Юнайтедті» (2:1) және «Челсиді» (2:1) жеңіп, «Арсеналға» (1:4) ғана есе жіберді.
Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Микель Артета («Арсенал»), Пеп Гвардиола («Манчестер Сити») және Даниэль Фаркені («Лидс») шаң қаптырды.
Эмери бұған дейін бұл жүлдені соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында иеленген еді.
21 турдан кейін 43 ұпай жинаған «Астон Вилла» турнир кестесінде үшінші орында келеді.